Тіл / Язык



Сенім телефоны



Designed by:
Joomla Templates!

21.04.2016. «Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивтік білім беруде психологиялық- педагогикалық қолдау» атты облыстық курсы

№60 «ЕрТөстік» балабақша әдіскері
Кажапиева Назгүл Оразқызы

Жақында Ақтау қаласы №60 «ЕрТөстік» балабақшасында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Маңғыстау облысы бойынша тренер В.А. Ястремская жетекшілік еткен курс тыңдаушыларына «Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивтік білім беруде психологиялық- педагогикалық қолдау» атты облыстық курсы өтті.
Балабақша директоры Қ.О. Бокибаева педагогтарды курстың мақсатымен таныстырып, оларға сәттілік пен шығармашылық табыс тіледі.

Курс бағдарламасы бойынша ересектер тобының балаларымен «Менің отбасым» атты оқу іс- әрекетін балабақшамыздың өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Бейсенова Злиха Бекішқызы және ән- саз жетекшісі Нұрымова Баян Жұматқызы өткізді.Оқу іс- әрекеті өте тартымды және қызықты болып өтті.Балалар сабаққа белсене қатысып, берілген тапсырмаларды орындап, жақсы нәтижелер көрсете білді.

Бұдан соң мектепалды даярлық тобының балаларымен«Қырдағы киіз үй» атты оқу іс-әрекетін бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Вебер Наталья Петровна өткізді.Педагог бүгінгі күн талабына сай жаңа технологияларды пайдалана отырып,тақырыпты кеңінен ашып,келген қонақтардың зор қызығушылығын тудырды.

Оқу іс – әрекеттерінен кейін курс тыңдаушыларына ата-аналарға арналған «Балабақша және отбасы» атты тренинг жүргіздім.Тренинг мақсаты: ата - аналардың өзара қарым - қатынасын жақсарту. Балабақша өмірімен таныстыру, тәрбиешімен дұрыс қарым - қатынаста болу.Тренингте қызықты тапсырмалар, ойындар, жаттығулар,тосын сұрақтар берілді. Қатысушылар тапсырмаларды бар ынтасымен орындап, қызығушылық танытып, тренингтен жақсы әсер алды.

Бұдан соң балабақшамыздың әдіскері Грачева Рита Николаевна «Ата- аналармен әртүрлі жұмыс түрлері» тақырыбында балабақша іс – тәжірибесінен ақпарат берді. Слайд көрсетіліп, көрме ұйымдастырылды.Көрмеден кейін педагогтардың өткізілген оқу іс- әрекеттері талқыланды. Курс тренері Ястремская Валентина Афанасьевна және педагогтар өз пікірлерін ортаға салып, барлық оқу іс-әрекеттер жүйелі жоғары дейгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.Педагогтар көрсетілген сабақтарға «өте жақсы» деген баға берді. Курс қатысушыларына жоғары деңгейде жұмыс көрсеткені үшін №60 «ЕрТөстік» балабақша педагогтары «Өрлеу» БАҰО –ның «Алғыс хатымен» марапатталды.