Тіл / Язык



Сенім телефоны



Designed by:
Joomla Templates!

Балабақшам – мақтанышым !

Қазіргі таңда қоғамның алға қойған міндеттерінің ең негізгісі – еліміздің болашағы жас ұрпақты, бәсекеге қабілетті,ел тізгінін ұстауға лайық, саналы да білімді етіп тәрбиелеу.

«Тәрбие басы тал бесіктен» -демекші, бүлдіршіндерді тәрбиелеу балабақша шаңырағынан басталатыны баршамызға аян. Ендеше болашағымыз саналар, өскелең ұрпаққа, өнегелі тәрбиені бойына дарытуда, балабақша қызметінің рөлі өте зор екені даусыз. Сондай ұлағатты тәрбие ошағының бірі  Ақтау қаласының  28 «А» шағын ауданындағы  №60 «Ер Төстік» балабақшасы.Балабақша « Біз балабақшаға барамыз» атты мемлекеттік бағдарлама аясында 2009 жылы бой көтеріп, бүгінде ордалы бір мекемеге айналды. Биыл балабақшаға 5 жыл.  Ашылғанына аз уақыт болғанына қарамастан балабақша ұжымы өздерінің ауызбіршілігімен, ізденімпаздығымен, шығармашылық еңбектерімен ата-аналар қауымының ыстық ықыласына бөленіп үлгерді.

Балабақша 320 орынға арналған. Қазіргі кезде 400 баламен қамтылған. Онда сегіз қазақ тобы, бес орыс тобы бар. Арнайы өзін-өзі тану, қазақ тілі, бейнелеу өнері, ағылшын тілі, ән-саз залы қазіргі заман талабына сай құралдарымен жабдықталған.Ойын алаңдары,топ бөлмелері,спорт залы,демалыс алаңдарының безендірілуі бала мен тәрбиешінің  іс-әрекетіне қолайлы жағдай туғызуға бағытталған. Балалардың оқып, тәрбие алуына барлық жағдай жасалған.
Балабақшаны іскер де білімді, қызметкерлер мен балалардың, ата-аналардың жүрегіне жол тауып, жандарына шуақ құятын, өз ісінің маманы – Бокибаева Құралай Орынбасарқызы басқарады. Ол қалалық , облыстық білім бөлімінен, қала әкімінің «Құрмет грамотасымен»,облыстық білім орталығынан , Маңғыстау облысының балалардыңқұқықтарын қорғау департаментінен «Алғыс хат» және  «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы мен Маңғыстау облыстық  мектепке дейінгі кәсіподақ ұйымы атынан «Алғыс хатпен» марапатталды.

Балабақша жаңа оқу жылына бүгінгі күннің талабына сай, балаларға нәтижелі тәрбие мен білім беру, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру үшін алдына төмендегідей мақсаттар мен міндеттер қойды:

Мектепке дейінгі балалардың жеке тұлғасын интеллектуалды және жан-жақты дамыту үшін қолайлы жағдай жасау ;отбасымен бала тәрбиесін дамыту үшін психологиялық ахуалын жақсартуда өзара байланыс жұмыстарын ұйымдастыру.

Балабақшаның басымдылық бағыты :
Мектепке дейінгі балалардың рухани-адамгершілік тәрбиесі мен интелектуалды дамыту.
Балабақшадағы мектеп жасына дейінгі балалардың даму кезеңіндегі жұмыстарына анализ жасап, келесі  2014-2015 оқу жылына жылдық міндеттемелер алынды:

  • Педагогикалық тәрбие үрдісінде-ойынның тәрбиелеу және үйретуші әлуетін мектепке дейінгі балалардың жеке тұлғасын дамыту үшін қолдану.
  • Балалардың жеке тұлғасын негізі жалпы адами және ұлттық құндылықтар арқылы дамыту.

Балабақшада 33 педагог маман жұмыс жасайды. Олардың ішінде 20 – жоғары , 13- арнайы орта білімді. «Бала жүрегі –кішкентай күй сандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Тәрбиешінің қолында әр кезде сол кілт жүруі керек», деп М. Шаханов айтқандай біздің тәрбиешілеріміз балабақша бүлдіршіндерін тәрбиелеуге жан жылуын бере отырып, еңбек етіп жүрген жандар.Тәрбие жұмысы жан-жақты болуы заман талабы. Осыған сәйкес көптеген іс –шаралар, апталықтар, ертеңгіліктер, көрмелер, ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттер, семинар-кеңестер өтіп отырады. Педагог-мамандар қалалық, облыстық семинарға-курстарға, әдістемелік бірлестіктерге қатысып, білімдерін жетілдіреді, тәжірибе алмасады.

Тәрбиешілердің , пән мұғалімдерің барлығы арнайы қайта даярлау курстарында білімдерін жетілдіру үстінде.Ақпарат құралдарында да ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері технологиялық карталары мен түрлі  мақалаларымыз жарық көруде. Балабақшада шығармашылық пен жұмыс істейтін озат тәрбиешілер де аз емес. Олар Мұқанова Амангүл Күрековна, Агуреева Виктория Петровна, Бисенова Злиха Бекешовна, Вебер Наталья Петровна, Қожақұл Гүлзада Асановна ,Усаева Мунира Биляновна,Дүйсенова ҰлболсынБейсенбаевна, Мединаева Гүлназира Ашығалиевна. Жас тәрбиешілерге тәлімгерлер жан-жақты көмек беріп, үлгі-өнеге көрсетуде.Сонымен қатар жас  тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсетіп, педагогикалық бағыт-бағдар  беріп журетін маман –әдіскерлер Грачева Рита Николаевна және  Кажапиева Назгүл Оразовна бүгінде  балабақшадағы  бүлдіршіндердің қабілетін,сабаққа  қызығушылығын  арттыру барысында нәтижелі жұмыстар жүргізуде. Бес жыл ішінде «Ер Төстік» балабақшасының жетістіктері де аз емес. Балабақша бүлдіршіндері мен тәрбиешілері түрлі бағыттағы қалалық, облыстық іс-шараларда жүлделі орындарды иемденіп жүр.


2010- 2013 жылдар аралығындағы балабақшада өткізілген шаралар:

  • « Тәуелсіздік – туым менің» - қалалық мәнерлеп оқу байқауы.
  • «Ару қалам – Ақтауым» қалалық қолөнер байқауы.
  • « Тіл болашағы балабақшадан облыстық байқауы.
  • «Балалық шақ. Бақыт. Үй.» - «Қазақстан Республикасында «Балалардың құқығын қорғау конвенциясының» 20- жылдығына байланысты Маңғыстау облысы бойынша педагогтарға арналған ашық сабақ.
  • «Новые тенденции развития образования в дошкольных учреждениях» - МО ПҚБАИ  облыстық курсы.
  • ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай МОМДТ мОО Маңғыстау облысының мектепке дейінгі  ұйымдарды марапаттау рәсімі.
  • «Формирование ключевых  и предметных компетенций на уроках самопознания»- облыстық  өзін- өзін тану курсы.

«ЕрТөстік» балабақшасының  қалалық, облыстық, республика көлеміндегі жетістіктері:

- « Баланы дамытушы ортаны – өз қолымен жасау»- ІІІ дәрежелі диплом республикалық байқауы, ІІ орын облыстық байқау.
- «Үздік әдістемелік құралдар - ІV дәрежелі диплом».
- «Қощ келдің ,Наурыз!» қалалық, облыстық  қолөнер байқауы – ІІ дәрежелі диплом.
- «Ең үздік сюжетті - рольдік ойындар» - қалалық І орын диплом
- «Ару қалам - Ақтауым» - қалалық  байқау І орын диплом
- « Үздік балабақша -2012» - қалалық байқау  І орын диплом
- «Білім ұясы: Ең үздік мектепке дейінгі ұйым -2012» - облыстық байқау бас жүлде.
- « Өзін – өзі тану кабинеттері - 2012» - қалалық байқау ІV дәрежелі диплом.
- «Жауқазын» шығармашылық балалар өнер фестивалі – қалалық байқау І орын.
- « Әке , анам және мен –спорттық отбасы» қалалық байқау ІІ орын.
- « Біз мектепке барамыз»  республикалық акциясына қатысу.
- Жыл сайын қатысатын «Жетістіктер апталығы».


2010-2014 жыл аралығындағы тәрбиеленушілер арасындағы жеңімпаздарымыз:

  • Берікова Жазира – « Тіл болашағы –балабақшадан» облыстық байқау ІІІ дәрежелі диплом.
  • Қалжанова Райхан – «Тәуелсіз еліміздің бүлдіршіндері- болашағымыз» - қалалық байқау – бас жүлде,облыстық – І орын.
  • Қарабасова Жапырақ – «Киелі өлкем – Маңғыстау» - қалалық байқау – І  дәрежелі диплом.
  • Қуанбай Диас – «Отаным – бақыт ордасы» - қалалық мәнерлеп оқу байқауы – ІІ дәрежелі диплом, «Мақтанышым, махаббатым – Маңғыстау»  облыстық байқау ІІ дәрежелі диплом.
  • Өмірзақ Олжас – « Менің Отаным – Қазақстан» - қалалық байқау ІІ орын, «Кобзарь ата, мақтанышым!» Т.Г.Шевченконың – 200 жылдығына орай өткізілген сырттай облыстық байқау ынталандыру дипломы.
  • Ахмедханов Артем – « Астана – бас қалам» сырттай облыстық сурет байқауы - бас жүлде, қалалық байқау – ІІ орын.

2010 – 2014 жыл аралығындағы педагогтар арасындағы жеңімпаздарымыз:

  • Тлеулиева Жанар – «Жыл тәрбиешісі-2013» - қалалық байқауы- ІІІ орын.
  • Вебер Наталья Петровна – « Үздік бейнелеу өнері мұғалімі» қалалық байқау – І орын.
  • Мұқанова Амангүл Күрековна – «Маңғыстау облысы бойынша мектепке дейінгі білім жүйесіндегі оқыту мен тәрбиеленудің инновациялық бағыттары» тақырыбында облыстық педагогикалық  оқылымға белсене қатысқан үшін сертификат берілді.

Бүгінгі таңда ата-аналармен тәрбиеші арасындағы ортақ мәселе –бала тәрбиесі. Отбасы бала тұлғасын дамытуда алғашқы қоршаған ортасын құрайды. Балабақшаға алғашқы келген күннен бастап отбасымен  тығыз байланыс орнатылып, түрлі жұмыстар жүргізіледі.Олардың қатысуымен түрлі сайыстар, ашық есік күндері өткізіледі.Соның айғағы балабақшада « 8 Наурыз», «Қыс» тақырыптары бойынша өткізілген  қолөнер байқауы,  «Менің жанұям» атты газет шығару,жергілікті өсімдіктер мен жануарлар туралы ақпаратты материалдар мен өсімдіктер гербарийін  жинақтау, экологиялық мазмұнда балабақшаның ауласын жақсарту  мақсатында «Ағаштарды ек» атты акциясына, сенбіліктерге қатысу, «Құстар - біздің достарымыз» акциясы. «Біз мектепке барамыз» атты акциясына белсене қатысты.

Ата –ана тәрбиешімен бірге  баланың  жеткен жетістіктерін бағалайды, түзетеді, алға болжамдар жасайды.
Бала өсумен ғана шектелмейді, жан-жақты тәрбие алу арқылы дами түседі. Осыған орай балабақша ұжымы да негізгі жұмыс мақсатын балалардың бойына  рухани- адамгершілік қасиетінің жоғары болып қалыптасуымен байланыстырады.

Балабақшада  рухани - адамгершілік тәрбие бойынша « Детский сад с видом на море», «ЕрТөстік» - дом радости» атты іс –тәжірбие жұмыстары кітапшалармен жалпыланып,Маңғыстау облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығымен бекітіліп, мектепке дейінгі ұйым қызметкерлеріне көмекші құрал ретінде таратылды.


4 жыл бойы балабақшада рухани – адамгершілік тәрбиесінің  жылдық міндеттермен байланысы

Оқу жылы

Жылдық міндеттер

2010-2011

1.Көркем сөйлеу қызметінде мектепке дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту.
2.Балаға қоршаған ортаға деген ұнамды қарым – қатынас қалыптастыру және «Өзін-өзі тану» пәні арқылы практикалық дағдылар табуға көмектесу.

2011-2012

1.Қазіргі заман талабына сай оқу- тәрбие үрдісіне рухани- адамгершілік бағытты жоғары деңгейде қалыптастыру.
2.Көркем сөйлеу қызметінде мектепке дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін дамытуды жалғастыру.

2012-2013

1.Педагогикалық тәрбие үрдісінде – ойынның тәрбиелеу және үйретуші әлуетін мектепке дейінгі  балалардың жеке тұлғасын дамыту үшін қолдану.
2.Қазіргі заман талабына сай оқу - тәрбие үрдісіне рухани- адамгершілік бағытты жоғары деңгейде қалыптастырудағы тәрбие бағытын жалғастыру.

2013-2014

1.Педагогикалық тәрбие үрдісінде-ойынның тәрбиелеу және үйретуші әлуетін мектепке дейінгі балалардың жеке тұлғасын дамыту үшін қолдану.
2.Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен дәстүрі арқылы рухани- адамгершілікке тәрбиелеу.

2010-2013жылдар бойы өткізілген әдістемелік семинарлар:

  • 2010 ж. Қалалық «Театрландырылған іс-әрекет арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың көркем сөйлеу тілін дамыту»
  • 2012ж. Қалалық «Қазіргі заман талабына сай оқу- тәрбие үрдісіне рухани адамгершілік бағытты жоғары деңгейде қалыптастыру.
  • 2012 ж. Облыстық « Өзін-өзі тану бағдарламасының тәрбие – оқыту процесіндегі рөлі мен маңызы»
  • 2013 ж.Қалалық «Сюжетті – рольді ойындар – балаларды дамытудың негізі»
  • 2013 ж. Облыстық саммит «Балапан» бағдарламасын іске асыру жағдайында мектепке дейінгі білімді дамытудың келешегі мен жай-күйі»

«Ер Төстік» балабақшасының түлектерінің алды 5-ші сыныпта оқып жүрсе, кейінгілері мектеп-гимназия мен лицейлеріне қабылданып, олардың білімдері жоғары бағалануда.


Балабақшамыздың жақсы жетістіктерге жетуі балабақшадағы  бүлдіршіндер тәрбиесін  сан қырлы ұйымдастыра білетін басшымыз, қамқоршы ұстаз –Бокибаева Құралай Орынбасарқызының іскерлігінің, сондай –ақ  тәрбиешілердің ізденісі мен білімінің нәтижесі деп білеміз.
Бала-біздің болашағымыз.Балаларымызды қалай тәрбиелесек, болашағымыз солай болмақ. «Жас ұрпақ –келешектің қожасы» деп В.Г.Белинский  айтқандай,болашағымыз бен  келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.Өз жұмысына келелі бағдарлама жасай отырып өткенге үңілу, болашаққа ұмтылу , жетістікке жету жолында «ЕрТөстік» балабақшасы ұжымының алар асуы алда.Олай болса, болашағымыз жарқын, егемен елдің көк байрағы әлемді шарлай берсін. «ЕрТөстік» балабақша ұжымын  және қиындығы мен қызығы мол мектепке дейінгі  тәрбие саласында еңбек  етіп жүрген  қызметкерлерді Ұстаздар күнімен құттықтаймын.Сіздерге толағай табыс,деніңізге саулық,отбасыңызға бақыт тілеймін.Алар асуыңыз биік, мақсаттарыңыз айқын, армандарыңыз асқақ болсын!

№ 60 «ЕрТөстік» балабақшасының әдіскері Кажапиева Назгүл Оразқызы