Тіл / Язык



Сенім телефоны



Designed by:
Joomla Templates!

«Біз мектепке барамыз»

Бүгін  29 .05. 2014  жылы  МКҚК  № 60 « Ер Төстік» балабақша шаңырағында «Біз мектепке барамыз» акциясы ұйымдастырылып, оған балабақшадағы тәрбиеленушілер арасынан көпбалалы отбасынан шыққан 10- бала қатысты.  «Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» дейді қазақ. Бар жақсыны балаға деп, қолындағы барымен көпшілікпен  бөлісіп , үлкендердің алғысына  бөленіп ,қайырымдылық  жасап  жүрген  жандар аз емес.Бүгін де бүлдіршіндерімізге  өз сыйлықтарын  алып  келген 8-жеке кәсіпкер өз қолдауын көрсетті. Олар : Хайруллаев Мұрат, Назаров Бердібек - ТОО «Тай Компани», Абулхайров Болатбек «Той әлемі» салоны , Назаров Ырысбек  ТОО «Асар-С» ,Кельджанова Жазира  «Балдәурен» дүкені , Ильясова Алтын ТОО «Технология  нефтегазоизвличение», Софиев Бердібек «Ханшайым» қалындық салоны, Сүлейменова Ляззат жеке кәсіпкер.

Шара барысында мектепке баратын балаларды жаңа өмір баспалдағына дайын болуы көзделген. Мәселен, «Бақытты балалық шақ» балабақша түлектерінің шығармашылық концерті, «Балалар әлемі» қолөнер көрмесі, қабырға газеттері, балғын балалар оқу білім туралы жаттаған өлең жырларын көпшілікке тарту етті . Бұл шараға Маңғыстау еліне танымал болған әншіміз Көшеров Асқар да ат салысты. Әдемі әндерімен кішкентай көрермен жүректерін жаулап алды.
Балабақша  басшысы Бокибаева Құралай Орынбасарқызы демеушілерге өз алғысын  білдірді: «Бір адам құдық қазса , мың адам су ішеді» дейді халқым.Сіздердей жомарт жандардың ізгі істерінің арқасында қаншама отбасы қуанышқа  бөленіп ,қаншама бүлдіршін шаттанып жатыр.Осындай азаматтардың қайырымды ісіне  сауабын  молынан  беріп ,еңбегін жандыра берсін! Қайырымдылық  жасап , қайырын көре берсін – деп тілейміз .
Концерт соңы тәтті шәймен жалғасып, балабақша алаңында балалар  өз тілектерін айтып, түрлі-түсті шарларын көкке ұшырды. Шара тартымды да, қызықты өтті.