Тіл / Язык



Сенім телефоны



Designed by:
Joomla Templates!

Балабақша меңгерушісі

Балабақша меңгерушісі

Бокибаева Құралай Орынбасарқызы 1969жылдың 29 сәуірінде туылған.Құралай Орынбасарқызының анасы балабақша тәрбиешісі, сондықтан мамандық таңдау тектен-тек болған жоқ. 1986ж. мектепті бітірген соң Алматы қаласының Қыздар педагогикалық институтына түсіп, мектепке дейінгі педагогика және психология мамандығы бойынша  1990 жылы бітірді. 1990жылы Оңтүстік Қазақстан облысының аудандық ұйымдастыру бөлімінде қызметін бастады.1994 жылы аудандық білім бөлімінде мектепке дейінгі тәрбие бойынша  әдіскер міндетін атқарды. 1994ж. Маңғыстау облысының Жаңа –Өзен қаласына келіп, тәрбиеші болып жұмыс жасады.Біраз уақыт өткен соң Құралай Орынбасарқызы әдіскер міндетіне ауыстырылды. 1996ж. сәуір айында Жаңа – өзен қаласының №11 "Ақбота" балабақшасының меңгерушісі болды. 2001ж. тамыз айында Ақтау қаласына ауысып, №14 балабақшаның меңгерушісі болып тағайындалды. 2009ж. маусым айында №60 "Ер Төстік" балабақшасын ашып, қазіргі кезде де қызметін атқаруда. 2004 жылы № 14 балабақша аясында «Бөбек» қорының қолдауымен  рухани – адамгершілік білімінің    «Өзін – өзі тану» бағдарламасы бойынша эксперементалдық алаңын басқарды.

 

Жетістіктері:
2011ж, «Құмет грамотасы» Тәуелсіздіктің 20 жыл орай  жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге   қосқан зор үлесі үшін., Ақтау Қалалық Білім бөлімінен
2011ж, «Құрмет грамотасы» Тәуелсіздіктің 20 жыл орай  білім саласын дамытуға жеке  үлес қосқаны үшін., Ақтау қаласы әкімінен;
2012ж, «Алғыс хат» -Маңғыстау облысының «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясынан;
2012ж, «Алғыс хат» - ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне орай  жас ұрпақты тәрбиелеуде өз үлесін қосқан үшін , «Нүр Отан» халықтық демократиялық партиясы елбасы Н.Ә. Назарбаевтан;
2012ж, «Алғыс хат», облыстық «Өзін-өзі тану»бағдарламаның тәрбие-оқыту процесіндегі рөлі мен маңызы» атты семинарды жоғары деңгейде өткізген үшін, Маңғыстау областық  мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу орталықтың басқармасынан;
2012ж. «Құрмет грамотасы» -Жас ұрпақты тәрбиелеуде ерең еңбегі үшін,Маңғыстау облысының әкімдігі, Маңғыстау облысының білім басқармасынан;
2012 ж. «Алғыс» , Маңғыстау облыстық «Өзін-өзі тану»бағдарламаның тәрбие-оқыту процесіндегі рөлі мен маңызы» атты семинар өтуіне өз үлесін қосқан үшін,ҚР Білім және Ғылым министірлігі, Балардың құқықтарын қорғау комитеті.Маңғыстау облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінен;
2012 ж.  Диплом  I- жүлделі орын , қалалық «Үздік балабақша-2012» байқауына қатысқан  үшін, Ақтау қалалық білім бөлімінен.
2012 ж. Диплом «Бас жүлде», облыстық «Ең үздік мектепке дейінгі мекеме-2012» байқауынна қатысқан үшін,Маңғыстау облыстық білім басқармасынан.
2013 ж. «Алғыс хат», мектепке дейінгі мекемелердің зейнеткеріне мерекелік шараны ұйымдастыруда белсене қатысқан үшін, Маңғыстау облысының мектепке дейінгі кәсіподақ ұйымынан.
2013 ж. «Мақтау қағазы» - облыстық самминт «Балапан» бағдарламасын іске асыру жағдайында мектепке дейінгі білімді дамытудың келешегі мен жай-күйі» тақырыбындағы жұмысқа белсенді қатысқан үшін , Маңғыстау облыстық білім басқармасы мен Маңғыстау облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығынан.

2013ж.- «Өрлеу» БАҰО» Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызмекткерлердің біліктілігін арттыру институтынан «Алғыс хат».

2014ж.- « Білім саласының үздіктері» атты  халықаралық энциклопедия  редакциясының дипломымен марапатталды. Бұл басылымда Қ.О: Бокибаеваның жетістіктері туралы мақала жарияланды.

2015ж.- «Өрлеу» БАҰО» Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызмекткерлердің біліктілігін арттыру институтынан «Мақтау қағаз».

Бокибаева Құралай Орынбасаровна өз білімін облыстық, республикалық семинарлар мен конференцияларға  қатысып білімін жетілдіріп, тәжірибе жұмыстары  республикалық «Самопознание»журналында, жергілікті ақпараттық басылымдарда жарияланды.Сонымен қатар Құралай Орынбасаровна  Маңғыстау облыстық «Өрлеу»біліктілік арттыру ұлттық орталығы»АҚ филиалымен тығыз байланыс орнатып, жас мамандарға тәрбие жұмысын ұйымдастыру  жәйлі практикалық жұмыстар көрсетуде.


Қазіргі заман талабына сай  жаңашыл, іздемпаз, өнегелі педагог,еліміздің жас  мамандардың ұлағатты ұстазы.
Егеменді еліміздің жас мамандарға,кішкентай бүлдіршіндерімізге саналы тәрбие,сапалы білім беретін педагогқа сеніміміз мол.      
Қазіргі кезде кішкентай қызымен ұлын тәрбиелеп отыр.