Тіл / Язык



Сенім телефоны



Designed by:
Joomla Templates!

Жалпы мәлімет

МКҚК № 60 «ЕрТөстік» балабақшасы.

Мемлекеттік коммуналдық  қазыналық кәсіпорын  № 60 балабақша «Ер Төстік» бірінші рет өз есігін 25 маусым 2009 жылы ашты.

 

Мектепке дейінгі мекеме  мынадай мақсаттарды жүзеге асыруды көздейді:

- Әрбір баланың жеке тұлғалық сапасын жетілдіруді,жан-ждқты дамытуды;

- Әрбір балаланың құқығын әлеуметтік қорғау;

- Мектепке дейінгі балалардың психологиялық және физиологиялық денсаулығын қорғау және бектіу;

- Әрбір баланың интелелектуалдық қабілетін ,шығармашылық  әлеуетін дамыту ;

- Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасын меңгеруге жағдай туғызу ;

- 5-6 жасар балаларды мектепалды  даярлықпен қамтамасыз ету.

 

«ЕрТөстік» балабақшасы 2015-2016 оқу жылында мынандай жылдық міндеттермен жұмыс жасайды :

1.Қазіргі заманға сай педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, мектепке дейінгі балалардың әр түрлі іс- әрекеттерде тілдерін дамыту.

2.Рухани- адамгершілік тәрбие бойынша мектепке дейінгі балалардың отбасыларымен тығыз қарым- қатынас орнату.

Осы мезетте  балабақшада -33педагог жұмыс істейді.

Педагогикалық ұжымның орта жасы -34жас.

Олардың :

-20 педагог -  жоғары білімді;

- 8 педагог -  орта –кәсіптік білімді;

- 6 педагог -  жоғары санатты;

- 4 педагог -  бірінші санатты;

-10 педаго -  екінші санатты;

-  8 педагог - санаттсыз.

Барлық педагогтар өте жігерлі ,шығармашылық белсенді, жаңашыл.

«ЕрТөстік» балабақшасында  мынандай жеке пән мұғалімдері жұмыс істейді: ән- саз жетекшісі,қазақ тілі мұғалімі,ағылшын тілі мұғалімі,дене шынықтыру мұғалімі, би жетекшісі,бейнелеу өнер мұғалімі, қазақ және орыс тілінде әдіскерлер.

Мектепке дейінгі балаларды жан –жақты дамытуда балабақшада ән- саз залы,бейнелеу бөлмесі,қазақ тілі бөлмесі,ағылшын тілі бөлмесі, «өзін-өзі тану» бөлмесі , әдіскерлер бөлмесі, дәрігерлік бөлме жұмыс жасайды.Балабақша ауласында тол учаскісінде көлеңкелі алаңдар,спорттық алаңдар,ойын алаңдары ,гүлзарлар бар.

Балабақшадағы топ саны -13 (оның 8-і- қазақ тілінде ,5-і- орыс тілінде) Жалпы тізім бойынша – 411 бала.Топ бөлмелері өте жақсы жабдықталған, әсем безендірілген.

 

Балабақшада  ұйымдастырылған  іс-шаралар:

2010ж.- «Тіл болашағы – балабақшадан» облыстық байқауы;

2010 ж.- « Тәуелсіздік – туым менің » қалалық байқауы ;

2011 ж.- Маңғыстау обылысының мектепке  дейінгі оқу- тәрбие орталығы ҚР Тәуелсіздігінің  20 –жылдығына орай мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш мектеп ұйымын марапаттау рәсімі.

2013 ж. –« Менің Отаным –Қазақстан » қалалық бауқауы ;

2013 ж.-« Ару қалам –Ақтауым » қалалық  қолөнер байқауы ;

2013-2015 ж.- «Өрлеу»  ұлттық  біліктілікті  арттыру орталығы  АҚ  филиалына Маңғыстау обылысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің облыстық курсі (экологиялық тәрбие, рухани - адамгершілік тәрбие, жаңа педагогикалық технологиялар).

2010 – 2015 жж. –«Қазақстан –Ақтау» телеарнасы, «Балдырған» облыстық телеарнасына  қатысу (барлығы -9 ).

2009 –дан -2015 жж. балабақшадағы  тәжірбие  алмасу  бойынша ұйымдастырылған  іс –шаралар :

• Қалалық  деңгейде мынандай тақырыптар бойынша  5 семинар өткізілді:

2010 ж. – « Театрландырылған іс- әрекет арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың көркем сөйлеу тілін дамыту»; 2012 ж.- «Қазіргі заман талабына сай оқу-тәрбие үрдісінде рухани – адамгершілік бағытты жоғары деңгейде қалыптастыру»; 2013 ж. – «Сюжетті рөльді ойындар – балаларды дамытудың негізі».
2015ж .- «Өзін – өзі тану пәнін өткізу әдіс- тәсілдерінің ерекшеліктері» өзін – өзі тану пәнінің мұғалімдеріне практикалық семинар.

• Облыстық  деңгейде бір семинар өткізілді, 2014ж.- « Экологиялық тәрбиені әртүрлі іс- әрекеттерде жүзеге асыру».

2012 ж.- Маңғыстау облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту             орталығының ұйымдастыруымен «Өзін – өзін  тану» бағдарламасының   тәрбие мен оқыту процесіндегі  рөлі мен маңызы».

• 2013 ж. - «Балапан»  бағдарламасын іске асыру жағдайында мектепке дейінгі білімді дамытудың келешегі мен жай – күйі» облыстық саммиті.

• 2010 -2015 ж ж.- жыл  сайын « Жетістік апталығы» ұйымдастырылады.

 

Балабақша жетістіктері:

2011 ж. – «Баланы  дамытушы ортаны – өз қолымен жасау» атты сырттай     облыстық байқауында «На джайляу» ұжымдық жұмысымен  шығармашылық шеберлігін көрсеткені үшін ІІ – дәрежелі дипломымен марапатталды.

2011 ж. – «Баланы  дамытушы ортаны – өз қолымен жасау» атты сырттай республикалық байқауында «На джайляу» ұжымдық жұмысымен  шығармашылық шеберлігін көрсеткені үшін ІІІ – дәрежелі дипломымен марапатталды.

2010 ж. – «Үздік әдістемелік құрал» атты  қалалық байқауында ІV – дәрежелі дипломымен марапатталды.

2012 ж. – «Қош келдің Наурыз!» атты қалалық  қолөнер байқауында ІІ – дәрежелі дипломымен марапатталды.

2012 ж. – «Қош келдің Наурыз!» атты облыстық қолөнер байқауында ІІ – дәрежелі дипломымен марапатталды.

2012 ж.  Қалалық «Үздік балабақша-2012» байқауына қатысқан  үшін, Ақтау қалалық білім бөлімі атынан  І – дәркежелі дипломымен марапатталды.

2012 ж.- Облыстық «Ең үздік мектепке дейінгі мекеме-2012» байқауына қатысқан үшін,Маңғыстау облыстық білім басқармасы атынан Бас жүлдені иеленді.

2012 ж.- «Үздік сюжетті – рөльдік ойындар» қалалық байқауында І – дәрежелі дипломымен марапатталды.

2013 ж.- Қалалық «Ару қалам – Ақтауым» байқауында І – орын дипломымен марапатталды.

2013 ж. – Қалалық «Жауқазын» балалар шығарашылық фестивалінде І – дәрежелі дипломымен марапатталды.

2012 ж. – «Үздік  өзін –өзі тану кабинеті» қалалық байқауында ІV – дәрежелі диплоымен марапатталды.

2014 ж. – Қалалық «Әке, шешем және Мен» атты  ата –аналар  арасындағы спорттық  сайысқа балабақшадан  Тулесовтар отбасы  қатысып, ІІ – орынды дипломға ие болды.

2014ж. –Қалалық «Ең үздік сахналынған көрініс» - ІІІ дәрежелі диплом.2015 ж.- Қалалық «Жауқазын» балалар шығармашылық фестивалінде мектепалды даярлық  балалары «Момышұлы Бауыржан» әнімен «Үздік патриоттық ән» номинациясына ие болды;2015ж.-«Әкем,анам және Мен – спорттық отбасы» қалалық байқауы – ІІІ  дәрежелі диплом;

2015ж.- «Подвиг народа- великое нравственное достойнство» облыстық фотосурет байқауы

2015ж.- «Мы верим и помним!» Республикалық акциясына қатысты;

2014ж.- Қалалық «Ең үздік әдістемелік кабинет» - ІІІ  дәрежелі диплом.

Балабақша «Құлыншақ» пен «Балапан» шағын орталықтарымен тәлімгерлік әдістемелік жұмыс жүргізеді, № 23 орта мектеппен сабақтастық жұмысын жүргізеді.

2012 ж.- Балабақша  аттестациядан жақсы деңгеймен өтті.

2013 ж.- Қала балабақшалары  арасынан рейтинг бойынша бірінші позицияға шықты, 2014 жылы бесінші позицияға шықты.

2009 -2014 жж.-Балалар арасындағы жеңімпаздар:

-Берікова Жазира (2012 ж.) –Облыстық «Тіл болашағы – балабақшадан» байқауында ІІІ – дәрежелі дипломымен марапатталды.

-Қалжанова Райхан (2011ж.) – «Тәуелсіз еліміздің бүлдіршіндері – болашағымыз» қалалық байқауында  бас жүлде, обылыстық байқауында І – орынға ие болды.

-Қарабасова Жапырақ (2013 ж.) – «Киелі өлкем – Маңғыстау!» қалалық сурет салу байқауында ІІ- дәрежелі дипломымен марапатталды.

-Қуанбай Диас (2012 ж.) – Қалалық «Мақтанышым, махаббатым – Маңғыстау» атты мәнереп оқу байқауында ІІ –дәрежелі дипломымен, облыстық байқауында  ІІ –дәрежелі дипломымен марапатталды.

-Өмірзақ Олжас (2013 ж.) – «Отаным менің Қазақстан» қалалық мәнерлеп оқу байқауында ІІ – дәрежелі  дипломымен марапатталды.

- Елдос Ақбота ( 2014ж.) - «Отаным менің Қазақстан» қалалық мәнерлеп оқу байқауында ІІ – дәрежелі  дипломымен марапатталды.

-Илашбеков Тимурбек (2015ж.) - «Қыс-2»атты қолөнер жұмысымен халықаралық байқауда  ІІ – дәрежелі дипломымен марапатталды.

-Сатыбаев Саусалауат и Аязбай Алдияр (2015ж.)- «Бұл ғажайып ғарыш» республикалық балалар шығармашылық сурет байқауында сертификаттармен марапатталды.

-Камилева Диана (2015ж.) – Респуликалық «Көктем күлкісі» байқауында - І дәрежелі диплом, Дайыр Назерке – ІІ дәрежелі диплом, Ахмедов Сымбатжәне Базильбек Сабина – ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

Жеңімпаз тәрбиешілер:

Тлеулиева Ж.А.(2013 ж.) – «Жыл тәрбиешісі -2013» қалалық байқауында ІІІ – орынға ие болды.

Мұқанова А.Қ. (2013ж.) – «Маңғыстау облысы бойынша  мектепке дейінгі білім жүйесіндегі тәрбиелеудің инновациялық бағыттары» педагогикалық оқылымға  қатысқаны үшін сертификатқа ие болды.

Вебер Н.П. (2014 ж) – «Үздік бейнелеу өнері мұғалімі -2014» қалалық байқауында ІІ – дәрежелі дипломға ие болды.

Курмашова А.Б. – (2015г.) – «Үздік жас маман -2015» қалалық байқауында ІІI – дәрежелі дипломға ие болды.

 

Балабақша іс – тәжірбиесін тарату:

• Балабақша тәрбиешілері  бумалы кітапшалар арқылы іс-тәжірбиелерін таратады.(облыстық деңгейде -6, қала бойынша- 8).

• Облыстық «Огни Мангыстау», «Маңғыстау мұғалімі» газеттеріне, республикалық  «Отбасы және балабақша», « Бала мен балабақша» журналдарына мақалаларын  жариялайды.  (Бокибаева К.О.,Грачева Р.Н., Кажапиева Н.О., Вебер Н.П., Агуреева В.П.,Бейсенова З.Б., Муканова А.К.)

Рухани –адамгершілік тәрбие бойынша МКҚК № 60 «ЕрТөстік» балабақшасының іс – тәжірбиесі  екі рет  бумалы кітапшалар арқылы таратылды:»Детский сад с видом на будущее»(2012 ж.),»ЕрТөстік» - дом радости»(2013 ж.). Бұл кітапшалар Маңғыстау облыстық мектепке дейінгі тәрбие  оқыту орталығы кеңесінің ұсынысымен шығарылды.( Құрастырғандар: Грачева Р.Н., Бокибаева К.О., Бейсенова З.Б.)