Тіл / Язык



Сенім телефоны



Designed by:
Joomla Templates!

№60 балабақша "Ер Төстік"
Өзін-өзі тану мұғалімдеріне арналған семинар-практикум

05.12.2014ж. №60 «ЕрТөстік» балабақшасында «Өзін-өзі тану пәнін өткізу әдіс- тәсілдері, ерекшеліктері» тақырыбында «Өзін-өзі тану» пәні  мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің семинар- практикумы өтті.

Семинар мақсаты: педагогтарға мектепке дейінгі балаларды рухани – адамгершілікке  тәрбиелеуің әртүрлі әдіс- тәсілдерін көрсету. Мектеп жасына дейінгі баланың жалпы адамгершілік құндылықтарды танып, ішкі жан дүниесін қалыптастырып, өзін –өзі тануы арқылы айнала қоршаған ортаға деген көзқарасын дамыту.

Семинарда 2 ашық оқу іс-әрекеті көрсетіліп, 2 баяндама оқылып, тренинг және дөңгелек үстел жүргізілді.

  1. «Адал дос» - ересектер тобы ( Бейсенова З.Б. №60 «ЕрТөстік» б/б өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі)
  2. «Мен Отанымды сүйемін» - мектепалды даярлық тобы ( Исатаева А.Т. №23 б/б өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі)
  3. «Танысу»  педагогтармен тренинг ( Исатаева А.Т. №23 б/б өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі)
  4. «Өзін-өзі тану пәнін өткізу әдіс- тәсілдері, ерекшеліктері» - баяндама (№57 б/б  әдіскері Бексейітова Р.Т.)
  5. «Мектепке дейінгі балаларды рухани – адамгершілікке тәрбиелеу жолдары» - баяндама ( Бекенова Қ. № 53 б/б  өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі)
  6. « Дөңгелек үстел» - ашық сабақтарды талқылау.

Семинар бойынша педагогтар өз пікірлерін білдірді:

  1. Байрамбаева Ф.-№ 4 б/б өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі – Маған екі сабақта ұнады. Әсіресе мектепке даярлық тобындағы Отанды сүюге тәрбиелеу қатты әсер қалдырды.Тренинг те қызықты өтті. Сіздерге шығармашылық табыстар тілейміз.
  2. Салтанатова М.Ч. « АҚБҮО» сектор меңгерушісі – Осы өзін- өзі тану  мұғалімдерінің  әдістемелік бірлестігі ақпан  айында жиналып, жұмыс шаралары белгіленді. Бүгінгі әдістемелік бірлестікте қортынды жасалып отыр. Көрсетілген 2 оқу іс- әрәкеті де өз деңгейінде өтті.Семинарға қатысқан педагогтарға көп рахмет.
  3. Сейіталиева С.Х. № 46 б/б өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі – Соңғы кезде сабақтың құрылымы өзгерді. Бірінші тыныштық сәтінен басталады. Тәрбиешілердің  ұстамы, өзін-өзі ұстауы, дауыс ырғағы, балалардың белсенділігі маған өте ұнады.

№60 б/б әдіскері: Кажапиева Н.О.


 
Балабақшам – мақтанышым !

Қазіргі таңда қоғамның алға қойған міндеттерінің ең негізгісі – еліміздің болашағы жас ұрпақты, бәсекеге қабілетті,ел тізгінін ұстауға лайық, саналы да білімді етіп тәрбиелеу.

«Тәрбие басы тал бесіктен» -демекші, бүлдіршіндерді тәрбиелеу балабақша шаңырағынан басталатыны баршамызға аян. Ендеше болашағымыз саналар, өскелең ұрпаққа, өнегелі тәрбиені бойына дарытуда, балабақша қызметінің рөлі өте зор екені даусыз. Сондай ұлағатты тәрбие ошағының бірі  Ақтау қаласының  28 «А» шағын ауданындағы  №60 «Ер Төстік» балабақшасы.Балабақша « Біз балабақшаға барамыз» атты мемлекеттік бағдарлама аясында 2009 жылы бой көтеріп, бүгінде ордалы бір мекемеге айналды. Биыл балабақшаға 5 жыл.  Ашылғанына аз уақыт болғанына қарамастан балабақша ұжымы өздерінің ауызбіршілігімен, ізденімпаздығымен, шығармашылық еңбектерімен ата-аналар қауымының ыстық ықыласына бөленіп үлгерді.

Толық оқу
 
МКҚК №60 «Ер Төстік» балабақшасының 2013-2014 оқу жылының жұмыс талдауы

Балабақшаның мақсаты: Мектепке дейінгі балалардың жеке тұлғасын интеллектуалды және жан-жақты дамытуға қолайлы жағдай жасау. Отбасымен бала тәрбиесін дамыту үшін психологиялық ахуалын жақсартуда байланыс  жұмыстарын ұйымдастыру.

МКҚК №60  «Ер Төстік» балабақшасының 2013-2014 оқу жылының жұмыс талдауын жүктеп алу:

МКҚК №60 «Ер Төстік» балабақшасының 2013-2014 оқу жылының жұмыс талдауын жүктеп алу



 

 
«Біз мектепке барамыз»

Бүгін  29 .05. 2014  жылы  МКҚК  № 60 « Ер Төстік» балабақша шаңырағында «Біз мектепке барамыз» акциясы ұйымдастырылып, оған балабақшадағы тәрбиеленушілер арасынан көпбалалы отбасынан шыққан 10- бала қатысты.  «Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» дейді қазақ. Бар жақсыны балаға деп, қолындағы барымен көпшілікпен  бөлісіп , үлкендердің алғысына  бөленіп ,қайырымдылық  жасап  жүрген  жандар аз емес.Бүгін де бүлдіршіндерімізге  өз сыйлықтарын  алып  келген 8-жеке кәсіпкер өз қолдауын көрсетті. Олар : Хайруллаев Мұрат, Назаров Бердібек - ТОО «Тай Компани», Абулхайров Болатбек «Той әлемі» салоны , Назаров Ырысбек  ТОО «Асар-С» ,Кельджанова Жазира  «Балдәурен» дүкені , Ильясова Алтын ТОО «Технология  нефтегазоизвличение», Софиев Бердібек «Ханшайым» қалындық салоны, Сүлейменова Ляззат жеке кәсіпкер.

Шара барысында мектепке баратын балаларды жаңа өмір баспалдағына дайын болуы көзделген. Мәселен, «Бақытты балалық шақ» балабақша түлектерінің шығармашылық концерті, «Балалар әлемі» қолөнер көрмесі, қабырға газеттері, балғын балалар оқу білім туралы жаттаған өлең жырларын көпшілікке тарту етті . Бұл шараға Маңғыстау еліне танымал болған әншіміз Көшеров Асқар да ат салысты. Әдемі әндерімен кішкентай көрермен жүректерін жаулап алды.
Балабақша  басшысы Бокибаева Құралай Орынбасарқызы демеушілерге өз алғысын  білдірді: «Бір адам құдық қазса , мың адам су ішеді» дейді халқым.Сіздердей жомарт жандардың ізгі істерінің арқасында қаншама отбасы қуанышқа  бөленіп ,қаншама бүлдіршін шаттанып жатыр.Осындай азаматтардың қайырымды ісіне  сауабын  молынан  беріп ,еңбегін жандыра берсін! Қайырымдылық  жасап , қайырын көре берсін – деп тілейміз .
Концерт соңы тәтті шәймен жалғасып, балабақша алаңында балалар  өз тілектерін айтып, түрлі-түсті шарларын көкке ұшырды. Шара тартымды да, қызықты өтті.

 
Төл мереке құтты болсын!

 

 

 

Құрметі ұстаздар, педагогтар қауымы!

Төл мереке құтты болсын!

Ұстаз болу  сана-сезім  ақылдылығы

Ұстаз болу мінездің күн шуағы

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.

Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті, бас иелік мәңгілік!


 

 

Тіл мерекесі!

22-қыркүйек «Тіл күні» мерекесі.Бүкіл Қазақстандықтар бұл мерекені ерекше атап өтеді, себебі біз көп ұлттық мемлекетпіз. «Тілге құрмет – елге құрмет» деп еліміздің бірлігі мен бейбітшілігі әр бір азаматтың толлерантылық пен рухани-адамгершілік қасиеттерінің негізінде.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлттымыздың анасы» дегендей біз қазақ тілдің мәртебесін көтеріп, өзге тілге құрмет көрсетуіміз керек. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 22 қыркүйек Тіл мерекесі күні болып атап өтілсін деген бастауын негізге ала отырып, біздің балабақшада «Тіл күні» мерекесіне арналған мерекелік шара атап өтілді. Бұл шараға «Маңғыстау облыстық ғылыми әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының» жетекшісі Кундусова С.Е. тәрбиеленушілерімен концерттік бағдарламада өз өнерлерін жас бүлдіршіндерге паш етті. Жас өнер майталмандары балаларға жергілікті ақындардың өлеңдерін жырлап, балалардың бойларын сергітті.Балабақша бүлдіршіндері би билеп, үш тілде Отан, туған жер, ана тілі тақырыбында тақпақтар оқып, ән айтып көрермендердің таңдайларын қақтырды. Балабақшадағы мерекелік шараға жергілікті «Қазақстан Ақтау» телеарнасы, «Ақтау Ақпарат» ақпараттық орталықтың тілшілері педагогтардан сұхбат алып, балалардың өнерлерін тамашалады. Мерекелік шарамызды балалар ойын алаңдарында, асфальтта сурет салу байқауымен жалғастырды.

25.09.2013 жылы балабақшада «Тіл апталығы» жалғасып, дене тәрбиесі сабағында спорттық, ұлттық ойындар өткізілді.

26.09.2013 жылы балабақшада әдістемелік көрме ұйымдастырылды. Балалар мен педагогтарға көрмеде әртүрлі ұлттардың куыршақтары, ертегілері, әдебиеттері және әдістемелік құралдары ұсынылды.

27.09.2013 жылы орыс және қазақ топтарының балалары бір біріне концерттік бағдарлама қойды.

 

 

 
<< Басы < Өткен 1 2 3 келесі > Соңғы >>

Бет 2 из 3