Тіл / Язык



Сенім телефоны



Designed by:
Joomla Templates!

№60 балабақша "Ер Төстік"
21.02.2019. МКҚК №60 «ЕрТөстік» балабақшасында ата – аналарға арналған ашық есік күнін ұйымдастыру жөнінде ақпарлама.

2018 жылы 5 ақпанда ата-аналармен өзара қарым-қатынас орнату барысында, МКҚК №60 «ЕрТөстік» балабақшасында «Ашық есік күні» іс-шарасы өтті. Бұл шараға №5 «Ботақан» ересек тобының ата-аналары қатысты. Тәрбиеші Мединаева Г.А. «Атадан қалған асыл мұра» тақырыбында ашық оқу қызметін көрсетті. Ата-аналар балабақша педагогтарының ұйымдастырған «Қыс қызығы» атты көрмені тамашалап, өз ойларымен бөлісті.


 
Балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар жеткізіліміне келісім-шарт жасау туралы Ақпарат

«№60 балабақша "Ер Төстік"» мемлекеттік  коммуналдық қазыналық кәсіпорны  2018 жылдың 10 қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің  2015 жылғы 31 желтоқсанындағы №717 Бұйрығыменбекітілген «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу» Қағидаларының 58 тармағының  негізінде балабақшаға тамақ тасымалдау үшін «PrivateAktau» ЖШС-гімен 10.01.2018 ж  01-18 Б-К келісім-шартқа отырды.


 
21.04.2016. «Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивтік білім беруде психологиялық- педагогикалық қолдау» атты облыстық курсы

№60 «ЕрТөстік» балабақша әдіскері
Кажапиева Назгүл Оразқызы

Жақында Ақтау қаласы №60 «ЕрТөстік» балабақшасында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Маңғыстау облысы бойынша тренер В.А. Ястремская жетекшілік еткен курс тыңдаушыларына «Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивтік білім беруде психологиялық- педагогикалық қолдау» атты облыстық курсы өтті.
Балабақша директоры Қ.О. Бокибаева педагогтарды курстың мақсатымен таныстырып, оларға сәттілік пен шығармашылық табыс тіледі.

Курс бағдарламасы бойынша ересектер тобының балаларымен «Менің отбасым» атты оқу іс- әрекетін балабақшамыздың өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Бейсенова Злиха Бекішқызы және ән- саз жетекшісі Нұрымова Баян Жұматқызы өткізді.Оқу іс- әрекеті өте тартымды және қызықты болып өтті.Балалар сабаққа белсене қатысып, берілген тапсырмаларды орындап, жақсы нәтижелер көрсете білді.

Бұдан соң мектепалды даярлық тобының балаларымен«Қырдағы киіз үй» атты оқу іс-әрекетін бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Вебер Наталья Петровна өткізді.Педагог бүгінгі күн талабына сай жаңа технологияларды пайдалана отырып,тақырыпты кеңінен ашып,келген қонақтардың зор қызығушылығын тудырды.

Оқу іс – әрекеттерінен кейін курс тыңдаушыларына ата-аналарға арналған «Балабақша және отбасы» атты тренинг жүргіздім.Тренинг мақсаты: ата - аналардың өзара қарым - қатынасын жақсарту. Балабақша өмірімен таныстыру, тәрбиешімен дұрыс қарым - қатынаста болу.Тренингте қызықты тапсырмалар, ойындар, жаттығулар,тосын сұрақтар берілді. Қатысушылар тапсырмаларды бар ынтасымен орындап, қызығушылық танытып, тренингтен жақсы әсер алды.

Бұдан соң балабақшамыздың әдіскері Грачева Рита Николаевна «Ата- аналармен әртүрлі жұмыс түрлері» тақырыбында балабақша іс – тәжірибесінен ақпарат берді. Слайд көрсетіліп, көрме ұйымдастырылды.Көрмеден кейін педагогтардың өткізілген оқу іс- әрекеттері талқыланды. Курс тренері Ястремская Валентина Афанасьевна және педагогтар өз пікірлерін ортаға салып, барлық оқу іс-әрекеттер жүйелі жоғары дейгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.Педагогтар көрсетілген сабақтарға «өте жақсы» деген баға берді. Курс қатысушыларына жоғары деңгейде жұмыс көрсеткені үшін №60 «ЕрТөстік» балабақша педагогтары «Өрлеу» БАҰО –ның «Алғыс хатымен» марапатталды.

 

 
23.02.2016. Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 Бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу Қағидаларының 58 тармағының негізінде  өнім беруші ЖШС «Private Aktau» келісім-шарт жасасты.

 
Қалалық «Менің Отаным – Қазақстан» мәнерлеп оқу байқауының қорытындысы туралы ақпарат

Қалалық білім беру бөлімінің 23.11.2015ж. бұйрығына сәйкес, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында қалалық «Менің Отаным- Қазақстан» мәнерлеп оқу байққауы ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында № 60 «Ер Төстік» балабақшасында өткізілді.

Байқаудың мақсаты: балалардың қазақ ақындарының өлеңдерін қазақ тілінде жатқа айтуы арқылы тіл байлығын және мәнерлеп айту қабілеттерін дамыту, өз Отанына патриоттық сезімдерін қалыптастыру және балалардың шығармашылық қабілеттерін, дарынын анықтау.

Байқауға – 43 бөбекжай, балабақшалар қатысты.Оның ішінде – 28 балабақша, 8 - шағын орталық, 7 - жекеменшік балабақшалар. Қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі орын алған төмендегі жеңімпаз бөбекжай – балабақшалар қалалық білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды:

І орын: №35 «Балдырған» бөбекжайының тәрбиеленушісі Талип Аружан;(тәрбиеші:Дюсенова Сания Орынбаевна)

ІІ орын: №34 «Болашақ» балабақшасының тәрбиеленушісі Қабыл Назерке;

ІІ орын: «Бақыт» жекеменшік балабақшасының тәрбиеленушісі Оленникова Алина

ІІІ орын: №11 «Кәусар» бөбекжайының тәрбиеленушісі Танат Аяжан;

ІІІ орын: №31 «Еркемай» бөбекжайының тәрбиеленушісі Нұржан Назерке (тәрбиеші: Л.А.Бектұрғанова);

ІІІ орын: №32 «Ақшағала» балабақшасының тәрбиеленушісі АрғынТомирис;

ІІІ орын: №56 «Жұлдыз» балабақшасының тәрбиеленушісі Серікұлы Шалқар (тәрбиеші: А.К.Тажигулова);

Ынталандыру:

 

  • №22 «Алтын бесік» балабақшасының тәрбиеленушісі Асгатова Амина;
  • №43 «Батыр» бөбекжайының тәрбиеленушісі Нұрымұлы Ақтан;
  • №46 «Балбұлақ» балабақшасының тәрбиеленушісі Нұрқожа Айкөркем;
  • №57 «Ақбота» бөбекжайының тәрбиеленушісі Қайырғали Ардақ;
  • №59 «С.Н.Шапағатов атындағы балабақша» тәрбиеленушісі Жамбулбек Алмаз;
  • №60 «Ер Төстік» балабақшасының тәрбиеленушісі Ақанқызы Кәусар;
  • №17 орта мектеп жанындағы «Ақбөбек» шағын орталығының тәрбиеленушісі Нұрасылова Фатима.

 

Номинация алған балабақшалар: №4, 8, 10, 11, 14, 16, 19, 26, 29, 36, 42, 44, 54, 58, 61, шағын орталықтар: №15 орта мектеп, №21 орта мектеп «Ақбұлақ»ш/о, №22 орта мектеп, «Балауса» ш/о, №28 орта мектеп «Ақбота» ш/о, №8 орта мектеп «Қызғалдақ» ш/о, «Тұлпар» ш/о, «Жанель» ш/о, «Ақниет» ш/о, «Түймеқыз» ш/о.

 
<< Басы < Өткен 1 2 3 келесі > Соңғы >>

Бет 1 из 3